Фото авторы: әлеуметтік желі
Қостанай облысында Eurasian Resources Group компаниясына қарасты «Соколовская» шахтасында төтенше жағдай тіркелді. Өндіріс орнында болған жарылыс салдарынан бір жұмысшы зардап шекті, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Компания таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға кезінде шахтада скреперлі лебедканы басқарып отырған машинист бақылаусыз жарылыс салдарынан жарақат алған. Қазіргі уақытта зардап шеккен азамат қалалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.
Оқиғаға байланысты тиісті тексеріс басталды. Полиция мәліметінше, аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.
Пікір жоқ