Фото авторы: ғаламтордан
Астана – Алматы бағытындағы рейсте орын алған оқиға кезінде, ұшақ жерге қонған соң трап күтіп тұрған мезетте жолаушы әйел апатты есікті ашып, эвакуациялық трапты іске қосқан.
Сот құжатында мұндай есіктер тек ерекше жағдайларда және экипаж рұқсатымен ғана ашылатыны көрсетілген. Аталған әрекет салдарынан компанияға айтарлықтай шығын келген – арнайы трапты ауыстыру үшін 22,995 936 миллион теңге қажет болған.
Сот барысында тараптарға татуласуға мүмкіндік беріліп, нәтижесінде келісімге келген. Құжатқа сәйкес, әйел азаматша келтірілген шығынның бір бөлігін – 6,698 426 миллион теңгені 2025 жылдың 20 қарашасына дейін өтеуге міндеттелді.
Сот медиациялық келісімді бекітіп, істі тоқтатты.
Пікір жоқ